Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Салық қызметі тексергеннен кейін Алматыдағы үкіметтік емес «Либерти» мен «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарына миллиондаған айыппұл салды. Шетел гранттары есебінен жұмыс істейтін құқық қорғаушыларды корпоративті табыс салығын төлеуге міндеттеген.
Астаналық Мұратбек Арғынбетов өзінің «эстремист» емес екенін дәлелдеп, көлігін тіркеуден шығару үшін екі күн жүрген. Полицейлер бұл оқиғаны «оның көлігіне қатысты бағыттама қателігі» деп атайды.
Құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділердің көбі «араздық қоздыру» туралы баптан қылмыстық сипатты алып тастауды сұрайды. Олардың «бұл бап өзгеше ойлағандарды қудалайды» деген қаупін «Азаматтық альянс» пен қоғамдық кеңес өкілдері құптамайды.
Астаналық құқық қорғаушы Талас Сағымбаевтың бостандыққа шыққанына алты ай болды. Бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесімен бірнеше ашық текетірестен кейін ол аз уақыт түрмеде отырып шықты.
Бас прокуратураның бұрынғы қызметкері Гүлбану Абланова «бас прокуратура қызметкерлерінің біліксіздігі кесірінен зейнетақым 12 мың теңгеге кем есептелді» деп шағынады. Ол өзі сенбейтін сотқа жүгінгісі келмейді.
Түрмелерді қоғам тарапынан бақылау неге қиындап кетті? AzattyqLIVE тақырыпты «Түрмелердің халықаралық реформасының» Орталық Азиядағы директоры Азамат Шамбыловпен талқылады.
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев парламентке келгенде депутаттардың көбі қазақстандық телеарналарды «көру мүмкін емесіне» және журналистік зерттеулер жоқ екеніне шағымданды. Баспасөзді қорғаушылар БАҚ-қа қатысты заңның бұрынғысынан да күшейгенін айтады.
Жітіқара қаласындағы колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен отырғандар толық деградацияға ұшырап жатыр деуге болады. Астанада өткен конференцияда «Онда адамның тұлғалық қадір-қасиеті жойылады» деген пікір айтылды. Бұл мәселе «өлім жазасын қайта қолдана бастау керек» деген уәжбен қатар көтеріліп жатыр.
Шетелдік гранттарды алу және ол қаражатты жұмсау туралы міндетті түрде есеп беру керек деген талап азаматтық сектор өкілдерін алаңдатады, олар билік ісімізге араласуы мүмкін дейді. Ал билікке жақын ҮЕҰ жаңа ережені қолдайды.
Астанада өтіп жатқан Қазақстанның 7-азаматтық форумында билік бір ай бұрын хабарлаған ҮЕҰ этикасының кодексі жобасы қабылданбады. Құжатты қабылдау ұйымдардың дауына бола кейінге қалды.
Қоғамдық бақылау комиссиялары мен Қазақстанның ұлттық превентивті механизмі өкілдері мәртебелерін заң жүзінде заңдастыруды, жұмыстарына кедергі келтірушілерге жазаны күшейтуді талап етеді.
Қазақстан автокөлік өндірісінің дамуына не кедергі? Қазақстанда құрастырылған көліктерге жұрт неге қызықпайды? AzattyqLIVE хабарына көлік өндірісі саласында басшылық қызмет атқаратын маман Олег Алферов қатысты.
Астана қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстер көп кемшіліктермен қабылданғанын екі жылдан кейін мойындады. Енді билік қателіктерді түзету үшін жаңа заң жобалары қажет екенін айтады.
Қазақстандық телеарналарды мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілген кемі екі видеороликті прайм-тайм мезгілінде тегін көрсетуге міндеттеу ұсынылды. Бұл мәселе парламентте талқыланды.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі 12 жасқа толған азаматтарының саусақ таңбасын жинамақ. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 36 миллиардтан астам теңге бөлуді сұрайды.
Қазіргі заманғы «хай-тек» стиліндегі зәулім ғимараттар мен әлі күнге су құбыры тартылмаған, пешпен жылитын үйлері бар Астанада инфрақұрылымды жақсарту үшін не істеу керек? АzattyqLIVE тақырыпты қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновпен талқылайды.
Алматыда семинарда ұсталған бес йогашы бірнеше күннен бері әкімшілік сотты күтіп отыр. Оларды діни кітаптарды заңсыз таратты деп айыптайды. Оның ішінде вегетариандық кітаптар да бар.
БАҚ туралы заңға енгізілмек түзетулерде мәліметтің «шынайылығы» үшін журналистердің жауапкершілігін күшейту қарастырылған. Бірақ журналистер ол түзетулерді талқылауға қатыса алмады.
Астананың төрт тұрғыны саяжайдағы үйін ескертусіз күреп тастап, жеті сотық жер телімін басып алғаны үшін қала билігінен өтемақы талап етіп жүр. Жерді алу туралы қаулы екі жылдан кейін ғана шыққан.
Ақмола облысындағы Калачи және Красногорск ауылдарындағы жүзден аса отбасы аудан орталығы – Есіл қаласынан ұсынылып отырған жалдамалы-коммуналдық баспанаға көшкілері келмейді. Тұрғындар үйлері үшін өтемақы төлеуді және жаңа баспаналарды меншіктеріне беруді сұрайды.
Тағы