Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Қазақстандық компаниялар қытай саяхатшыларына арнап бағасы 320 доллардан басталатын саяхат жолдамасын жасады. Мақсат – Қазақстанға Қытайдан көп турист тарту.
Назарбаев университетінің соңғы курсында оқитын студенттер ғылыми жұмыспен айналысып жүр. Олардың кейбірі жуықта АҚШ пен Қытайда тәжірибеден өтіп келген.
Кейбір азаматтық белсенділер билік экстремизм мен әлеуметтік наразылықтың түп себептерін ажыратпайды деп санайды.
Шығыс Қазақстан облысында тұратын зейнеткер екі кейуана дінге қатысты заң талабын бұзғаны үшін салынған айыппұлдың күшін жойдыруға тырысып жүр. Оларды Евангелие христиан баптистері қауымы мүшелері сыйынып, діни әндер айтқан үйде ұстаған.
Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарды өзгерту жобасының авторлары ауыл әкімі жергілікті өзін-өзі басқару органы міндетін де атқарып, мемлекеттік билік өкілі де болатынын айтады. Депутат ауылда "басқарып, кіріс әкелетіндей" нәрсенің барына күман келтірді.
Азаттық үкіметтегі ауыс-түйіс себептері туралы қоғам белсенділерінің және депутаттардың пікірін білді.
Астанадағы тұтқындалғандарды қабылдау және бөлу орындарында жүргізген мониторинг қорытындыларын жариялаған «Қадыр-Қасиет» ұйымы белсенділері «полицейлердің ұсталған азаматтарға ізетпен қарайтыны» жайлы мәлімдейді. Бірақ тұтқындардың көбі мониторингке қатыспаған.
Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғыны Нарғиза Сосани «Нұр Отан» партиясы қатарына мені ескертпестен қабылдапты әрі мүшелік жарна ретінде ай сайын жалақымнан 229 теңге ұстап қалады» деп мәлімдейді.
Астанада бүгін таңертеңнен бері белгісіз ер адам ломбардта кепілге алған екі әйел босатылды. Күдікті ұсталған соң полиция ол «ломбардты тонамақшы болған» деп мәлімдеді.
Белгісіз біреулер тергеуге алып, бірінің басынан ұрып жатқаны түсірілген видео кейіпкерлері - ЛГБТ қоғамдастығы өкілдері Алматы қаласындағы Қазақстан адам құқығы бюросы көмегіне жүгінген.
Алматыдағы «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорын салық қызметі тексере бастады. Бұл ҮЕҰ жуырда қызметкерлері туралы мәліметті жариялауға қатысты жаңа ереженің қате екенін сотта дәлелдемек болған.
Бірнеше жыл бұрын ақшасын төлеп қойған ондаған үлескер пәтерлерін салып беруді талап етеді. Бас прокуратура дерегі бойынша, Қазақстанда тоғыз мыңнан астам отбасы салынып бітпеген 60 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлеріне жете алмай отыр.
Павлодарлық тұрғын Роза Манаканова «кәмелетке толмаған екі жиенімді үйде ересектер жоқ кезде пәтерден шығарды» деп, жеке сот шешімін орындаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды. Жанжалдың екінші тарабы оның сөздерін жоққа шығарып отыр.
Астаналық бес жанды отбасыға баспанасы мен 16 сотық жерінен айырылып, банк алдында ондаған миллион теңге қарыз болып қалу қаупі төніп тұр. Үш үйдің екеуі "заңсыз салынған" деп танылғандықтан иелеріне өтемақы берілмейді.
Көкшетаудағы кәсіпкерлер «Көкше-Қамқор» коммуналдық павильонын «бәсекелестік ортаға беруге» келіспейді. Олар «65 кәсіпкер жұмыссыз, ал сатып алушылар арзан өнімсіз қалады» деген уәж айтады.
БҰҰ комитеті азаптау деп таныған істен Қостанай прокуратурасы қылмыс таппады. Құқық қорғаушылар түрмеден шыққаннан кейін 33 жасында қайтыс болған Расим Байрамовтың азаптауға ұшырағанын айтады.
«Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымы мен алматылық белсенділер сот тәжірибесінде жала жабуға қатысты заң нормаларын қолдану жайлы нормативтік қаулыға түзетулер жобасын құрастырды. Құқық қорғаушылар жоғарғы сотқа судьяларға осы мәселені түсіндіретін жинақ шығаруды ұсынады.
Маусымның 24-і күні үйін сүруге қарсылық білдіріп, оған бола берілген өтемақыға көңілі толмай өзін-өзі жармақ болған Әділбек Мейрамовқа үш бөлмелі пәтер берілді. Астана, 14 шілде 2016 жыл.
4 мыңға жуық үлескердің қаржысын ұрлады деп айыпталған «Азбука жилья» компания тобының 10 менеджері шартты мерзімге кесілуі мүмкін. Астанада компания мен жапа шегушілер келісімін қарау соты басталды.
Адвокат Бауыржан Азанов сот ғимаратында қолына кісен салған полицейлерді жазаға тарттыруға тырысып жүр. Бүгін Астананың Сарыарқа аудандық соты оның шағымын қабылдамай тастады.
Тағы