Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Сейсенбі күні сағат 17-де Рамазан Есіргеповке қатысты шұғыл баспасөз мәслихатын өткізген ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері оның шетел елшілігіне тығылып, саяси баспана сұрауын «спектакль» деп бағалап, журналистің Сұлтан Махмадовпен байланысы бар деп мәлімдеді.
«Алма-ата инфо» газетінің құрылтайшысы әрі бас редакторы Рамазан Есіргепов 1-ші желтоқсан күні өзін Алматыдан Таразға алып кетпек болған ҰҚК-нің қызметкерлерінен сытылып шығып, АҚШ елшілігінің Алматыдағы өкілдігіне барып, түнімен сол жерді паналаған. Сонымен бірге журналист өзіне саяси баспана беруді сұраған. Бұл туралы бүгін Азаттыққа «Журналисты в беде» ұйымының жетекшісі Розлана Таукина хабарлады.
Алматыда шығатын «Алма-Ата инфо» тәуелсіз газетінің меншік иесі және бас редакторы Рамазан Есіргеповты желтоқсанның 1-і күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматыдан Таразға алып кетті. Туыстарының айтуынша, осыдан 10 күн бұрын газетте жарияланған мақалаға байланысты ҰҚК қозғаған тергеу ісінде Есіргепов куәгер ретінде аталыпты.
Қарақалпақстаннан Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш селолық округіне қоныс аударып келген оралмандар өлген адамын жерлеу кезінде жергілікті тұрғындардың қарсылығына тап болғанына абыржулы күйде.
Оппозициялық саясаткер Төлен Тоқтасыновтың әйелі Алма Оразбекова, дүйсенбі күні Алматыда баспасөз өкілдеріне, өз отбасына полицияның түрлі қоқан-лоқы жасап жатқанын мәлімдеді.
Қарашаның 21-і күні Алматының Медеу аудандық сотында журналист Гүлжанат Шонабайға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Ол Малыбай ауылындағы оқиға жайлы мақаласында ұлтаралық дүрдараздықты өршітіп, қазақ халқының ар-намысына тиген деген айыпқа қалып отыр.
Алматының Алатау ауданындағы тұрып жатқан баспаналары мен жер телімдерін заңдастыруды талап еткен тұрғындар президентке ашық хат жазуды ұйғарды. Олар өз баспаналарын бұзу туралы шығарылған сот шешімін әділетсіз деп бағалайды.
Алматыда «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер одағының құрылтайы өтті. Ұлттық бағыттағы ұйымдарды біріктіру үшін құрылған одақ биліктен қолдау тапты.
Қазақстан Бас прокуратурасы елде жоғарғы билікте отырған лауазымды тұлғалардан жасырын жазып алынған телефон әңгімелерін көшіріп басқан оппозициялық газеттерге ескерту жасады. Журналистер қоғамдық маңызы бар ақпаратты халық білуі тиіс деп санайды.
13 қарашада «Банк «Каспийский» акционерлік қоғамының алдына келген «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының өкілдерін қабылдаған банк басшылығы борышкерлердің талабын ескеруге уәде етті.
АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугланд бейсенбі күні Алматыда БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Билікті мысқылдап, әжуалайтын акция өткізгені үшін сотқа тартылып, абақтыға жабылған оппозиция белсендісі жұма күні бостандыққа шықты.
26 тамыз күні Ресей президенті Дмитрий Медведев Абхазия мен Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындау туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді.
Қырғызстанда апатқа кезіккен ұшақтағылардың көбісі қаза тауып, біразы ауруханада жатыр.
1968 жылы тамыздың 20-сынан 21-іне қараған түнде Кеңестер Одағы, ГДР, Венгрия, Польша мен Болгарияның жүздеген мың әскери күші Чехословакияға басып кірді.
Бейжіңдегі ХХІХ Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының еншісінде қазіргі уақытта барлығы сегіз жүлде - 1 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль бар.
Сәрсенбі күні жарық көрген газеттерде Астанада өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының кезекті отырысы, Астана қаласының 10 жылдығы жайында мақалалар жарияланды.
Бейсенбі күні жарық көрген басылымдарда Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы, елде саяси өзгерістер жасауға биліктің қаншалықты дайын екендігі, Интернет жайында, сондай-ақ Варшавадағы қазақ елшілігі ОБСЕ делегациясы құрамындағы адам құқығын қорғаушы шетелдік азаматшаның Қазақстанға келуіне рұқсат бермей қойғаны туралы мақалалар жарияланыпты.
Сәрсенбі күні жарық көрген басылымдарда «Нұрбанк» оқиғасы бойынша Алматы полициясының бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық істің тоқтатылғаны, Астанада өткен қазақстандық және америкалық кәсіпкерлердің форумы жұмысы жайында, cондай-ақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ішкі саясат пен идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша жиын өткізгені туралы мақалалар жарияланыпты.
Сейсенбі күні жарық көрген газеттер Алматының орталық алаңындағы жерасты жұмысы тоқтап тұрған ойын-сауық кешені құрылысының болашағы, Қазақстандық журналистиканың бүгінгі жағдайы, сындарлы мақала жариялағаннан кейін тосқауылға тап болған Интернет сайты, cондай-ақ білім саласындағы соңғы жаңалық жайында сөз қозғапты.
Тағы