Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Шығыс Қазақстан облысында адамды алдымен сабап, кейін үстіне бензин қойып, тірідей өртеп жібермек болған қылмысы үшін полицияның 3 қызметкері сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.
Жұма күні жарық көрген газеттер ұлттық бірыңғай тест сынағы, үлескерлер проблемасы, жолақыға байланысты студенттердің наразылығы және мұнай тасымалы жөнінде сөз қозғапты. Сондай-ақ бірқатар басылымдарда қоғамды демократияландыру мен қор нарығына арналған мақалалар жарияланыпты.
Алматыдағы «Сити Сервис Инвест Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған ақшаға келіспей, аштық жариялағандардың үйлерін бұзу аймағынан шығаруды сұрап, аталған кәсіпорын басшылығының қала әкімдігіне берген өтініші, жер комиссиясында қаралады. Бұл туралы маусымның 12-күні тұрғындарға серіктестің атқарушы директоры Талғат Дәденов хабарлады.
Алматыдағы бірқатар қоғамдық ұйымдар мен қала әкімдігі маусымның 21-күні қалада гомосексуалистер, лесбийлер және бисексуалдық топ өкілдерінің шеруі өтеді деген хабарды жоққа шығарып отыр. Олар бұл жалған ақпарат арандату пиғылымен таратылуы мүмкін деген күдік айтады.
Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев, маусымның 11-күні «Литер» газетінде шыққан сұхбатында, президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қызметінде 2017 жылға дейін қалатыны сөзсіз деп мәлімдеді. Елдегі оппозиция күштерін бас біріктіре алмайтын әлсіздер деп сипаттаған президент кеңесшісі, алдағы жылдың күзінде Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтуі ықтимал екенін айтты.
Сәрсенбі күні жарық көрген газеттерде Қазақстанда жанар-жағар май бағасының тоқтаусыз қымбаттап, жер қойнауындағы табиғи минералды су көздерінің сарқылып бара жатқаны туралы мақалалар, кәсіпкерлік және білім беру мәселелері, сондай-ақ, оппозиция өкілдерінің пікірлері жарияланыпты.
Сейсенбі күні жарық көрген газеттер «Қазақгейт» ісіне қатысты бірнеше жыл шетелдік банкте тұмшаланып жатқан 84 млн АҚШ долларына иелік жасайтын қоғамдық қор жайында, шетелдік азаматтарды құлдық жағдайда ұстаған қостанайлық кәсіпкер туралы және Қазақстан президентінің саяси істер жөніндегі кеңесшісімен соттасқан газет редакциясының жеңісі жөнінде баяндапты. Сондай-ақ, елдегі білім беру стандарттары мен оралмандар проблемасына арналған мақалалар жарияланыпты.
Сенбі күні жарық көрген газеттерде, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде байқалған кемшіліктер, бақилық болған борышқордың қарыз ақшасын оның артында қалған 7 жастағы қызынан өндіріп алмақ болған банктің райынан қайтқаны, Атырауда өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы, Астанаға өз есімін беру туралы ұсынысқа президент Назарбаевтың қарсы екендігі және өзге де мазмұндағы мақалалар жарияланыпты.
Бейсенбілік басылымдарда «Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшының келгендігі сөз болыпты. Бұрынғы қорғаныс министрі, мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаевтың Астана қаласының атын Нұрсұлтан етіп өзгерту туралы жасаған ұсынысы мен «Тентек» шахтасында болған қайғылы оқиға да 5 маусым күнгі жарық көрген басылымдардың назарынан тыс қалмапты.
Сейсенбілік басылымдарда Қарағанды облысындағы шахтадағы апат пен Оңтүстік Қазақстан облысында өсімдікті жалмаған қара шегіртке шабуылының салдары, Алматыдағы метро құрылысы және тұрғындар тобының наразылығы, жанар-жағар май бағасының қымбаттауы және қаржы тапшылығы жайында мақалалар жарық көрді.
Сенбі күні Қазақстанда жарық көрген газеттер Атырау облысында жұмысшылардың астан уланып қалғаны жайында жазыпты. Бірқатар басылымдарда, автокөлік жүргізушілерінің куәлігіне қосымша талондар беру ісіне, Алматы аймағында жойқын жер сілкіну қаупі бар ма деген болжам-жорамалдарға қатысты пікірлер беріліпті.
Сәрсенбі күні жарық көрген басылымдарда Өзбекстан президентінің Қазақстанға ресми сапары, Орталық Азиядағы көрші елдер арасындағы қарым-қатынас және Қазақстанның банк жүйесіндегі жағдай туралы мақалалар жарық көріпті. Сондай-ақ, елдегі қаржы дағдарысы салдарынан бағаның қымбаттауы Алматының екі үлкен базарында сауда жасайтын жүздеген адамның наразылығын туғызып отырғаны жазылыпты.
Сәуірдің 22 күні жарық көрген басылымдар Каспий аймағында жұмыс істеп жатқан мұнай өндіруші шетелдік компанияға Қазақстан үкіметінің қойып отырған талабы туралы, елде жаңа әкімшілік реформаларды жүргізу, билік партиясы коррупциялық заң бұзу әрекетіне барғандармен қалай күресіп жатқаны жайында жазыпты. Ресми басылымның бірі Астана қаласы мен президент Назарбаевты мадақтайтын әндер тақырыбын қозғаса, үкіметтік емес газетте Оңтүстік Қазақстанның бір топ тұрғыны облыс әкімінің үстінен шағым айтып, ел президентіне жазған ашық хаты жарық көріпті.
1 сәуірде түстен кейін "Тасжарған" оппозициялық газетінің ұжымы Алматыда баспасөз өкілдерін шұғыл жинап, редакция терезесін әлдекімдер қарудан атқанын хабарлады. Басылым журналистері редакцияға оқ атқан кім екенін тап басып айта алмағанымен, бұл газетке жасалған ескерту болуы мүмкін деп санайды.
Сенбі күнгі газеттерде Жайықта алты кеменің суға батуы салдарынан Каспий теңізіне экологиялық қауіп төнгені, осы теңізден заңсыз балық аулап жүрген ресейлік азаматтардың ұсталғаны туралы мақалалар басылыпты. Сондай-ақ бірқатар басылымдарда Қазақстанда дағдарысты жағдайдағы тұрғын үй құрылысы саласына үкіметтің жәрдем шаралары жайында айтылыпты.
Жұма күні жарық көрген газеттерде Қазақстанның қаржы-экономика саласындағы қалыптасып отырған жағдай мен алдағы күндерге болжаулар айтылыпты. Ал тәуелсіз басылымдарда Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің тасы өрге өрмелеп тұрған кездегі жасаған тірлігі жайында мақалалар жарияланды.
Бейсенбіде жарық көрген газеттерде Орта Азия елдері, соның ішінде Қазақтан алдағы жыл басынан Ресейге жолданатын газды бұрынғыдан қымбат бағамен сата бастайтыны туралы айтылыпты. Тәуелсіз басылымдарда Қазақстан президентінің жақын-туыстарының елде жұмыс істеп жатқан отандық және шетелдік кәсіпкерлерге көрсеткен әлімжеттіктері жайлы деректер жарияланды.
Наурыздың 12-күні жарық көрген мерзімді басылымдарда Қазақстанда сәуір айынан бастап коммуналдық қызмет бағасының қымбаттайтыны, жақын күндері «Хабар» агенттігінің акциялар пакетінің жартысы саудаға шығарылатыны, сондай-ақ ел президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен оның сыбайластарына қарсы Ақмола әскери гарнизонында жүріп жатқан жабық сот жайында мақалалар берілсе, кейбір Интернет-сайттарда Қазақстанның жоғары билігіне жақын тұлғалардың дауыстарына ұқсайтын телефон әңгімелерінің жаңа мәтіндері мен аудиожазбалары жарияланды.
Наурыздың 1-күні таңертең Алматының орталығындағы алаңға келген бір топ адамды полиция ұстап алып кетті. Ұсталғандар 1986 жылы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болған орталық алаңның астынан сауда және көңілашар кешенін салуға өз қарсылықтарын білдіріп шыққан болатын.
Ақпанның 28-күні Қызылорда облысында Сырдария өзеніндегі сең қозғалысын әуеден бақылап жүрген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты тікұшақ апатқа ұшырап, жерге құлады. Апат салдарынан тікұшақта отырған 18 адамның 5-уі қаза тауып, қалғандары түрлі дәрежедегі жарақат алған. Жарақаттанғандар арасында облыс әкімі Мұхтар Құлмұхаммед те бар.
Тағы