Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дала өртінен бір адам қаза болды. Ондаған мың гектар жайылым отқа оранып, күні малға қарап отырған талай жұрт жем-шөпсіз қалды.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында өрттен жас жігіт мерт болып, ондаған мың гектар жайылым жанып кетті. Бұл оқиға ел басына күн туғанда халықтың өзінен басқа ешкімге арқа сүйене алмайтынын көрсетті. Өрттен жапа шеккендер күнкөріс қамы мен мал азығын ойлап алаңдайды.
Азаттық тілшілері Қазақстанның бірнеше аймағындағы тұрғындардан Сovid індетін бір күнде 5400 адамның жұқтыруы туралы сұрады. Жұрт індеттің өршуіне кім жауапты, неге өршіді деген сауалдарға пікір білдірді.
Қазақстанда есірткіге тәуелдіні синтетикалық опиоидпен айықтыру көп жылдан бері бар, бірақ терапияның қаншалық қисынды екені әлі де талқыланып келеді. Жоба бірталай мәрте сынға ұшырады, ал құқық қорғау органдары оны жабуды ұсынған. Бірақ дәрігерлер мен жоба қатысушылары оң нәтиже барын айтады.
Қарағанды облысы Доскей ауылында жергілікті жұрт ондаған гектарды алып жатқан полигондағы өрт, сасық иіс пен қоршаған ортаның ластануын алға тартып, күресінде жабуды талап етеді. Полигон иесі мұның артында өзінің кәсібін тартып алуды көздеген әлдекімдер тұр деп есептейді.
Степногорск қаласы мен оған іргелес үш ауылдың халқы елдімекенге жақын маңда қауіпті өндіріс қалдығын өртейтін кешен салуға қарсы. Биліктің дерегінше, БҰҰ-мен бірлескен жоба аясында биыл зауыт құрылысы басталмақ. Қалдықты жоюмен айналысатын компания даулы мәселе жайлы пікір бермей отыр.
Ақмола облысы Степногорск қаласының жүздеген тұрғыны аса улы қалдықтарды жоюмен айналысатын зауыт салынуына қарсылық білдірді.
40 жыл бұрын АҚШ-та адамның иммундық жүйесін зақымдайтын жаңа вирусқа сипаттама берілді. Алты жылдан соң ВИЧ Қазақстанға да жетті. 1990-жылдары есірткіні ине арқылы тұтынатын нашақорлар ВИЧ-пен жиі ауыратын, ал кейінгі онжылдықта вирусты жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар еселеп көбейген.
Қазақстан Бельгияға құрамында аса улы заттар бар ондаған тонна өндіріс қалдығын жоюға жөнелтпек болған. Бірақ қауіпті жүк Қарағандыда апталап тұрып қалды. Бұл мәселені шешетін экология министрлігі улы қалдықты аттандыруға асығар емес.
Қарағанды қаласындағы сот жаңаарқалық белсенді Ғалы Бақтыбаевтың қазасына қатысты күдікке ілінгендерді ақтады. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы заң бұзушылықтарды әшкере еткен белсенді кісі қолынан қаза тапса да, ешкім жазаланбады. Марқұмның жақыны соттан мұндай шешім күтпеген.
Мүгедек азаматтар Қазақстанда әлеуметтік көмектің жеткілікті берілмейтіні жайлы жиі айта бастады. Құқық қорғаушылар мүгедек жандар көмек сұрап баратын шенеуніктер "адамды емес, жүйені қорғайды" деп есептейді. Үкімет заңдарды қайта қарауға уәде беріп отыр.
Олег Шарапатюк төрт жыл бұрын жұмыс орнында аяғынан айырылған. Ол екі жылдан бері аяғына ыңғайсыз протезді ауыстырғысы келеді.
Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқан азаматтар атаулы күннің қарсаңында билікке жағдайын айтып, тағы да шағынды. Жарылыстан бері 35 жыл өтсе де, апат салдарын жоюға қатысып, мүгедек болып қалған азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселесі әлі күнге шешілген жоқ.
Қарағандыда жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі болып істеген Ербол Емілжанов еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, станцияға бөлінген қаржы жымқырылған деген күдікпен мемлекеттік органдарға хат жазғаннан кейін жұмыстан босатылған.
Қарағандыдағы Октябрь ауданына публицист ғалым, Алашорда көшбасшысы, большевиктер революциясының идеялық қарсыласы Әлихан Бөкейхановтың атын беру туралы ұсыныс жергілікті тұрғындар арасында қызу талқыға түсті.
Қарағанды облысындағы ауылдардың тұрғындарын күштеп көшіріп жатыр. Бұл жерлерде "Қазақмыс" корпорациясы мыс өндірмек.
Қарағанды облысында "Қазақмыс" компаниясы мыс өндіретін кен орнына жақын маңда тұратын ауыл тұрғындарын күштеп көшіру жалғасып жатыр. Үйін босатудан бас тартқан тұрғындар сусыз, жарық пен жылусыз қалған.
Тағы