Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
Теміртау белсенділері 180 мың тұрғыны бар қала зиянды қалдыққа тұншығып отырғанын бірнеше жылдан бері айтып, дабыл қағып жүрсе де, мәселе әлі шешілген жоқ. Ауаны ластайтын қалдықтың басым бөлігі жергілікті металлургия комбинатынан шығады. Белсенділер мұны "экологиялық геноцидке" балайды.
Бүгін Қарағандыда 2020 жылғы 24 шілдеде Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік ісі бойынша сот процесі басталды. 62 жастағы жергілікті тұрғын сәбиді ұрлап әкетіп, зорлады деген ақпарат шығып, мұның соңы бүлікке ұласқан.
Қазақстанда 250-ден астам белсенді "Қазақстанның демократиялық таңдауы" және "Көше партиясы" қозғалыстарының "жұмысын ұйымдастыру" және "тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысу" айыбымен қудалауға түсті. Құқық қорғаушы оларды билік пен режим сыншысы арасындағы соғыста "кепілге алынғанын" айтады.
Қарағанды облысы Ақтас ауылындағы көппәтерлі үйлердің бір бөлігі жергілікті тұрғын Олег Горбунов салған қазандықтан жылу алып келген. Бірақ бірнеше жыл бұрын билік жаңа қазандықтың құрылысына қаржы бөліп, Олегтің өзі де, еңбегі де ескерусіз қалған.
Сабинелла мен Айдана Сириядан Қазақстанға екі жыл бұрын оралған. Олар елге Таяу Шығыстағы соғыс аймағындағы Қазақстан азаматтарын шығаруға арналған “Жусан” арнайы операциясы аясында келді. Екеуі де соғыс ошағына балаларымен бірге күйеулері әкеткенін айтады.
Сабинелла Аязбаева үш баласымен бірге күйеуіне еріп, Сириядағы қақтығыс аймағына кеткен. Ол жақта жүріп тағы екі баланы өмірге әкелген жас ана төрт жылдан көп уақыт Таяу Шығыста тұрған.
Қазақстан жақында Сириядан тағы 12 азаматын елге қайтарды. Бұл шара қоғамда екіұшты реакция туғызды. Соғыс аймағында экстремистер тобында болған адамдарды елге қайтарған дұрыс па? Келешекте қоғамға қауіп төндірмей ме? Қауіпсіздік және дін мәселесі жөніндегі сарапшы Икбалжан Мирсайитовтен сұрадық.
"Бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның ісін бір жылдан астам уақыт бойы қараған сот оны ақтады. Бұрынғы шенеунік пен басқа айыпталушылар соттан өздерін толық ақтауды, ал прокурор оларға қатаң түрме жазасын беруді сұраған еді.
Қарағанды облысындағв бірнеше ауылдың адамдары жергілікті биліктің мыс өндірісіне бола олардың жер телімін мемлекет қажетіне деген уәжбен алып, өздерін тезірек көшіру үшін қысым көрсетіп жатқанын шағынады. Әкімдік оларға "лайықты баспана" ұсынғанын айтады, тұрғындардың оған көңілі толмайды.
Азаттық журналистері Қазақстанның әраймағындағы сайлаушылардан "Сайлаудан қандай нәтиже күтесіз?" деп сұрады.
2017 жылғы желтоқсанда ауқымды ереуіл өткізген қарағандылық кеншілер содан бері үш жыл өтсе де, негізгі талаптарын жұмыс беруші мен билік орындамай отырғанын айтады.
Қарағанды облысының бірнеше ауылында тұратын үш мыңға жуық отбасының жерін "мемлекет қажетіне" алып жатыр. Ол жерде "Қазақмыс" корпорациясы мыс өндірмекші. Тұрғындар үй-жайына мемлекет "лайықты өтемақы" төлемей отырғанын айтады.
90 жыл бұрын, 1930 жылғы желтоқсанда Қарағандыдан 45 километр жердегі Долинка ауылында ГУЛАГ жүйесіндегі ең ірі тұтқындар лагері құрылды. Азаттық Қарағандының тумасы, қазір Мәскеуде тұратын ғалым, Қарлаг тұтқындары жайлы деректер жинап жүрген Оксана Воробьевамен сұхбаттасты.
Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясына қарасты компанияның жүздеген қызметкері жалақыны көбейтіп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. Жұмысшылар жұмыстың ауырлығын, жалақының аздығын айтып, басшылыққа талаптар қойды.
Tranco Zhezkazgan ЖШС-нің екі жүзден астам жұмысшысы айлықты екі есе көбейтуді, жылына бір рет 13-жалақы төлеуді, емделуге жұмсаған шығынның орнын толтыруды, вахталық іссапарға шыққаны үшін тәулігіне 3000 теңге төлеуді талап етеді. Олармен Жезқазған қаласының әкімі кездескен.
Сәтбаев қаласында биыл жазда елдің дүрлігуіне себеп болған жас баланы зорлау ісі бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті. Айып тағылған екі кісі абақтыда отыр. Ал негізгі айыпталушы сотқа жетпей қайтыс болды. Бұдан бөлек "жаппай тәртіпсіздік" ісі бойынша ондаған адам күдікке ілінген.
Өндірісте мүгедек болып қалған бір топ шахтер денсаулығына нұқсан келуіне байланысты төленетін ақшаны көбейтуді талап қылды. Сот олардың өтінішін сот қанағаттандырмады. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы төлем мөлшері заңға сай дейді. Сарапшы компания мүгедектер құқығын бұзып отыр деп есептейді.
25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні Азаттық оқырман назарына төрт әйелдің хикаясын ұсынады. Әрбірінің тағдыры әрқилы төртеуінің өзін қорлап, жәбірлеген адамнан кетуге батылы жеткен.
Тағы