Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған 18 жастағы Ерлан Аяз Көкшетаудағы колледждің 3- курсында оқыған. 7 қаңтар күні кеудесі мен басына оқ тиген ұлын анасы Жазира Тұрдықұлова мәйітханадан тапқан. Қапыда ұлынан айырылған ана оқ атқан адам жазасыз қалмаса екен дейді.
Батыс санкциясының астында қалып, шетелге азық-түліктің кейбір түрін экспорттауға тыйым салған Ресейдің шешімінен кейін Қазақстанда қант қымбаттады. Кейбір қаладағы базарларда бір адамға бір келіден артық сатылмайды. Бірақ үкімет «қант тапшылығы жоқ, үш айға жететін қор бар» дейді.
Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, үстінен "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен іс қозғалған Азамат Жанқожаевтың туысы Айжан Тасқұлованың сөзі. Шымкент, 17 ақпан 2022 жыл.
Шымкентте балалар үйінің түлектері Айдын Нұржанов, Әмірхан Нұрғанов пен Азамат Жанқожаев қаңтар оқиғасы кезінде қылмыс жасаған деген күдікке ілінді. Тергеушілер олардың "алыстан түсірген видеосын дәлел ретінде көрсетіп отыр" дейді жастардың туыстары мен қорғаушылары.
Қазақстанда 2022 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы тағы жарты жылға ұзарып, 60,5 жасқа жетті. Ауыр кәсіпте еңбек етіп, жұмыс пен тұрмыс тауқыметін қатар көтеріп жүрген әйелдер зейнет жасын ұзартуды азапқа теңейді.
14 ақпанда арнайы прокурорлар басқармасының басшысы Нұржан Көлбаев қамаудағы 14 адамның бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылғанын хабарлады. Бұған дейін Шымкентте сегіз адам түрмеден шығарылған еді.
24 жастағы Бақытжан Жандар дипломы бойынша жұмысқа тұра алмай, ауылдан Шымкентке келіп, таксист болып нәпақасын тауып жүрген. Қалада пәтер жалдап тұрып жатқан. Ол қаңтар көтерілісінде оқ тиіп қаза тапты. Анасы Гүлнәз Әбдиева бұл жағдайға "туды сүйіп, халқына ант берген" Тоқаев кінәлі дейді.
Шымкентте қаңтар оқиғасынан соң күдікті ретінде екі айға қамалғандардың ата-аналары Қазақстан халқы мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрап, әрбір қылмыстық істі қайта қарауды талап етеді. Арнайы прокуратура өкілі кінәсі дәлелденбегендер абақтыдан босатылады деп уәде етті.
Шымкентте қаңтар оқиғасында адам шығыны болғанымен, қанша адам қаза тапқаны, олардың кім екені, қандай жағдайда мерт болғаны айтылмады. Азаттық тілшісі осы дүрбелеңде оқ тиіп қаза болған бірнеше адамның туысымен сөйлесті. Қара жамылған отбасылар шаңырағы шайқалып, асыраушысынан айырылғанын айтады.
Алты баланы жалғыз өзі бағып отырған Карима Хайдарбекова – Шымкентте қаңтар оқиғасынан соң қылмыстық іс қозғалып, 2 айға қамалған он белсендінің бірі. Қорғаушысы белсендінің тағылған айыппен келіспейтінін, балаларына алаңдайтынын айтады. Үйдегі әжесінен немерелері "Анашым қайда?" деп сұрай береді.
19 қаңтарда Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталса да бірнеше қаласында қауіпсіздік күшейді. Жолдар жабылып, көшеде полиция көбейді. Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов қаңтар оқиғасына байланысты митингіге шақырған. Бірақ митинг өтпей қалды.
6 қаңтарға қараған түні Шымкентте наразылық кезінде 120-дан аса адам жараланды. Олардың бірі жедел жәрдем көлігімен, бірі жол-жөнекей кездескен көлікпен ауруханаға жеткізілген. Ондаған адамның жарақаты ауыр. Азаттық Шымкенттегі оқиға кезінде оқ тиіп, ауруханаға түскен екі тұрғынмен сөйлесті.
Шымкентте ескі көліктерді қабылдау орнына жақын жердегі автотұраққа отыздан аса адам жиналды. Олар үкіметтен істен шыққан жарамсыз көліктерін қабылдау пунктерін тездетіп ашуды сұрады.
Шымкенттегі наразылық кезінде Түркістан облысынан кемінде 9 адам қаза болды. Солардың бірі Ерасыл Қалықұл оқ тиіп көз жұмған. Отбасы 25 жастағы жігіттің қай жерде, қалай қаза болғанын біле алмай отыр. Жақындары көктемде үйленемін деп жүрген ұлын 7 қаңтарда жерледі.
2022 жылдың алғашқы күндері Шымкентте халықтың билікке талабын айтып, бейбіт басталған наразылық шеруі кейін тәртіпсіздік пен бейберекеттік, өртеу мен қиратуға ұласты. Әлдебір бұзақылар көліктерді өртеп,көліктерді өртеп, қиратты. Оқ атылып, қаза болғандар мен жараланғандар бар.
Тағы