Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте қаңтардағы оқиға кезінде Түркістан облысынан кемінде 9 адам қаза болды. Солардың бірі Ерасыл Қалықұл оқ тиіп көз жұмған. Отбасы 25 жастағы жігіттің қай жерде, қалай қаза болғанын біле алмай отыр.
Қазақстанның әр түкпірінде 2 қаңтар Жаңаөзенде басталған наразылыққа үн қосқан наразылық жиындары өтіп жатыр. Жүздеген, мыңдаған адам қатысқан жиындарда әлеуметтік, саяси ұрандар айтылып, халық билікке талап қойды. Көп қалада наразылық толастаған жоқ. Азаттық тілшілері куә болған және әлеуметтік желіде шыққан кей көріністер.
Жаңаөзен қаласында сұйытылған газдың жаңа жылдан бастап қымбаттағанына наразылық білдіріп, қаңтардың екісі алаңға шыққан жүздеген адам түнде де тарқамады. Газ бағасын қарастыруды үкіметке тапсырдым деп түн ішінде твиттерге жазған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне де тоқтамады.
Жаңаөзен мен Ақтауда сұйылтылған газды арзандатуды талап еткен наразы жұрт өткен түнді алаңда өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырма бергенін жазды. Жаңаөзендіктерді елдің өзге өңірлерінде азаматтар қолдады. Дүйсенбіде үкімет Маңғыстау өңірінде газ арзандайтынын хабарлады.
Құқық қорғаушылар "Шымкентте ҰҚК тергеу изоляторында жатқан белсенді Ерұлан Әміров суицид жасамақ болды" деп мәлімдеді. Мұны Әміровтің анасы да қуаттап отыр. Бірақ комитет ақапартты жоққа шығарады.
Шымкентте жедел жәрдемнің 70 шақты жүргізушісі жалақы өсіруді талап етіп, денсаулық министрлігінен көмек сұрады. Орта есеппен 72 мың теңге жалақымыз кемі 150 мың теңгеге көтерілсін дейді жүргізушілер. Бірақ бас дәрігер, қалалық басқарма басшысы бұған негіз жоқ деп отыр.
Шымкент полициясындағы тергеу кезінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан марқұм жігіттің әкесі «ұлымды ұрып өлтірген» дейді. Бүгін ол мәйітханаға кіріп, баласының денесін көріп шықты. 8 желтоқсанда күндіз «көлік ұрлады» деп ұсталған күдікті бірнеше сағаттан соң қаза болған.
22 қараша күні Алматыдағы көп қабатты үйлердің бірінен «үш баласын лақтырып, соңынан өзі секірді делінген» әйелдің денесін туыстары Түркістан облысына алып кетті. Марқұмның жақындары "бұған тұрмыстық жанжал себеп болды" деген болжамға күдікпен қарайды.
Сарыағаш ауданының малшылары малын аман алып қалу үшін жүз километр жердегі Көксарай су қоймасының аумағында тұрып жатыр. Ен далада байланыс та, жарық та, ішетін су да жоқ. «Қиналсақ та отбасының бар табысы, күнкөріс көзі – малды аман алып қалу керек» дейді шаруалар.
Азаттықтың үш өңірдегі тілшілері қаланың орталық көшелерін аралап, жұрттың қымбатшылық туралы ойын білді. Сұхбат берген адамның көбі үкіметтен ахуалды реттеуді сұрайды, кейбірі бағаның өсуіне үйреніп, үкімет көмегінен күдер үзген. Әріптестерім «қымбатшылық отбасыңызға қалай әсер етті?» деп сұрады.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Әлімтау ауылы халқы қуаңшылық зардабын әлі тартып отыр. Шаруалар жайылым іздеп, ондаған мың малды көрші ауылға айдауға мәжбүр. Ауылда қолдағы малдың кейбірі көтерем болса, кейбірі өліп жатыр. Жем-шөптен қысылып отырған халыққа алда келе жатқан қыс уайым.
Түркістан облысында жеке меншік балабақша иелері білім министрінің қаулысына сай ақша төленуін талап етіп, наразылық білдірді.
Алматының Алмалы аудандық соты саяси өзгеріс талап еткен 13 белсендіге үкім шығарды. Олардың төртеуін 5 жылға бас бостандығынан айырды. Қалған 9-ы шартты жаза алды. Жазаланғандар мен олардың қолдаушылары үкіммен келіспейді.
Алматыдағы Алмалы аудандық сотында былтырдан бері "тыйым салынған ұйымды құрды және оның ісіне араласты" деп айыпталып отырған 13 белсендіге үкім оқылды. Судья 4 белсендіні 5 жылға бас бостандығынан айырды, 9 белсендінің бас бостандығын 1 жылдан 2 жылға дейін шектеді.
Тағы