Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
18 шілдеде Шымкенттің Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен сотталған белсенділер Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек, Ләззат Досмамбетованың туыстары мен жақтастары қалалық сот пен прокуратура алдына барып, наразылық білдірді.
15 шілдеде Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен айыпталған белсенділер Жанмұрат Аштаевты 3 жыл бір айға, Қайрат Сұлтанбекті үш жарым жылға, ал Ләззат Досмамбетованы 3 жыл 7 айға түрмеге кесті. Жақындары үкімге қарсы шықты.
13 шілдеде Шымкенттің Әл Фараби аудандық сотында Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек және Ләззат Досмамбетоваларға қатысты сот басталды. Олар "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп айыпталып отыр. Белсенділер айыпты мойындамайды.
Шымкент соты құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған белсенділер Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек пен Ләззат Досмамбетованың ісін қарай бастады. Прокуратура оларды Қаңтар оқиғасы кезінде "жұртты жаппай тәртіпсіздікке шақырып, өздері де қатысқан" деп айыптады. Белсенділер айыппен келіспейді.
Қазақстанда баға тұрақтамай тұр. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері азық-түлік пен тауар 20 пайызға өскен. Мәселен бірнеше айдың ішінде қант екі есе қымбаттап, келісінің ең арзаны 530 теңгеге сатылып жатыр. Бірақ оның өзіне лимит қойылған.
Шымкентте 1 мамыр Бірлік күніне бөлінген тендерден дау шықты. Сарапшылар құны 18 миллион теңгеден асқан келісімшарттың мерекелік іс-шара өтіп кеткен соң жасалғанын анықтаған. Бұл – мемлекеттік сатып алу заңына қайшы дейді олар. Бірақ тапсырыс беруші онымен келіспейді.
Азаттық Шымкентте Қаңтар оқиғасында мерт болған тағы жеті адамды анықтады. Осылайша қаңтардағы дүрбелеңде Шымкентте көз жұмған 20 адамның аты-жөні белгілі болды. Барлығы оқ тиіп қаза болғаны Азаттық танысқан тергеу құжатында айтылған. Билік марқұмдарды күдікті санайды, туыстары онымен келіспейді.
Қаңтар оқиғасы кезінде Шымкентте қаза тапқандар туралы жаңа деректер әшкере болды. Азаттыққа өткен айда прокуратура мақұлдаған тергеу деректері жазылған құжат келді. Осылайша дүрбелең кезінде Шымкентте опат болған жиырма адамның тағы жетеуінің аты-жөнін білдік.
Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде қаза тапқан түркістандық сарбаз Еділ Тешебаев туған ауылына жерленді. 19 жастағы марқұмның мәйітін әскерилер алып келді. Еділдің туыстарынан кешірім сұрады. Ата-анасы "Еділ өзіне қол жұмсады" дегенге сенбейді.
Қазақстанда 31 мамыр – совет дәуірі кезіндегі қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бірақ талай билік ауысып, мемлекет өзгеріп кетсе де құрбандар толық ақталмаған. Тарихшылардың есебінше, кемі екі миллионға жуық адам ақталуы керек.
Референдумнан не күтесіз? Аймақтағылардын пікірі
Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен қозғалған істер бойынша алғашқы сот үкімі шықты. Шымкент соты Ерғали Құлбаевқа прокурор сұраған 4 жыл шартты жаза берді. Тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген Құлбаев билік саяси белсенділігім үшін жазалады дейді.
Қаңтардағы дүрбелеңде оқ тиіп мерт болғандардың туыстары оқ атқандарды жазалауды, өтемақы төлеуді талап етеді. Азаттық тілшілері сөйлескен екі шаңырақ та «Қазақстан халқына» қорынан қаражат алмағанын айтады.
Шымкентте қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқан белсенді Ерғали Құлбаевтың соты басталды. Оны «тәртіпсіздікке қатысты және өзгелерді де соған шақырды» деп айыптайды. Белсенді өзіне қатысты істің «саяси астары бар» деп санайды.
Шымкентте тұрғындар стадионның орнына емхана салуға қарсы. Наразылық бір жыл бұрын басталған. Әкімдік стадион орнын жеке компанияға берген. Жер комитеті әкімдік заңсыз деп тауып, өзара сот жүріп жатыр. Қаладағы экономикалық сот құрылыс бастауға тыйым салған.
5 қаңтарда Алматы қаласындағы дүрбелеңде мойны мен шатына оқ тиіп, қайтыс болған, Шымкенттегі "Ақжайық" мұсылмандар зиратына жерленген 22 жастағы Аңсар Исламның сүйегі 7 сәуір күні қайта қазып алынып, сараптама жасалды.
Шымкенттік 22 жастағы Аңсардың ата-анасы баласынан айрылып бір қайғырса, ұлының қабірі олардың еркінен тыс қазылып, тағы да қан жұтты. Үш ай күресіп, Жоғарғы сотқа дейін арызданса да болмады, жақында марқұмға эксгумация жасалды. Ұлымның қазасына кінәліні таппайынша тынбаймын дейді анасы.
Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде екі жерінен оқ тиіп қаза тапқан жігітті полиция ақыры қазып алды. 22 жастағы марқұм Аңсар Исламның ата-анасы эксгумацияға қарсылық білдіріп, Жоғарғы сотқа дейін жүгінген. Қабір басына келген полиция Азаттық тілшісін зират аумағынан күштеп шығарып жіберді.
Тағы