Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
30 маусымда Шымкент соты "азаптау" және "қызметін асыра пайдалану" айыбы тағылған төрт полицейді 2 жылдан 7 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бостандығынан айырды. Азапталған екі адамның бірі полицияда көз жұмған. Сотталушылар да, жәбірленушілер де үкімге келіспей, апелляциялық шағым беретінін айтты.
Шымкентте жаздың ыстық күнінде уақытша ұстау орталығына түскен үй жануарлары ас-сусыз қалып, қырылып жатыр. Еріктілер дабыл қаққаннан кейін орталық қызметкерлері құтқаруға кіріскен, бірақ әбден әлсіреген ит пен мысықтың өлімі тоқтамай тұр.
Шымкенттік белсенді Нұркен Айнабеков мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлын "қылмыскер" деп пост жазады. Депутат "беделіме нұқсан келтірді" деп оны сотқа беріп... жеңіліп қалады. Оған себеп – осыдан 20 жыл бұрын сот Нажметдинұлын "қызметін асыра пайдаланды" деп соттаған. Ол қалай депутат болды?
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Шымкент қаласында бір топ тұрғын былтыр Қаңтар оқиғасында қаза тапқан балаларын жоқтады. Олар ұлдарын атқан адамдарды анықтап, жауапқа тартуды талап етті.
Шымкентте тұратын әйелдің жиырмадан асқан екі баласы — 23 жастағы Анар мен 22 жастағы Бексейіт өздігінен жүріп-тұра алмайды. Оларға туғанда церебральды сал ауруы диагнозы қойылған. Алмагүл мүгедектігі бар балалары қоғамнан ажырап қалмас үшін үйінен арнаулы орталық ашқан.
Қаңтар оқиғасында ері қаза тапқанда, 10-нан астам әйелдің құрсағында нәресте болған. Сол сәбилердің алды бір жасқа толды. Оқиғадан бір жылдан астам уақыт өткенде, осы әйелдердің кейбірі қандай сынақтан өткенін әңгімелеп берді.
Шымкентте Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың туыстары жергілікті әкімдіктен оқ атқандарды тауып, жазалауды, өлгендерге "Қаңтар құрбандары" деген статус беруді әрі олардың отбасына өтемақы төлеуді талап етті.
Шымкентте Қаңтар оқиғасында оққа ұшқан марқұмдардың туыстары әлеуметтік талап қойып, әкімдікке барды. Бірақ әкіммен әрең кездесті. Наразы топ 5 миллион теңге әлеуметтік көмек пен баспанамен қамтуды сұрайды.
Шымкентте бір аптадан бері дизель отыны тапшы. Жүк көліктерінің жүргізушілері жанармай бекеттерінде сағаттап кезек күтуге мәжбүр. Ресми орындар жыл сайын болатын тапшылықты биыл да қаладағы мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылғанымен байланыстырды.
Шымкентте отыз шақты тұрғын әкімдікке барып, қала басшысы Мұрат Әйтеновтің шығуын талап етті. Олар "Нұрлы жол" бағдарламасымен ипотекаға алған баспана уақытылы тапсырылмағанына наразы.
Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Сәбит Байбосынов аумақтық сайлау комиссиясын "хаттамадағы деректерді қолдан өзгертті" деп айыптады. Сайлау қорытындысы бұрмаланғанын учаскелік және округтік сайлау комиссияларының мүшелері де растады. Бірақ сот кандидаттың талабын қанағаттандырмады.
Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаудан бір күн бұрын Шымкент қаласындағы дауыс беру учаскелерінде "хаттамалар толтырылып қойғаны" туралы ақпарат тарады. Сайлауға түсіп жатқан бірнеше кандидат мұны тексеруді талап етті. Аумақтық сайлау комиссиясы ақпаратты жоққа шығарды.
Жоғарғы сот "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен түрмеге кесілген шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевты толық ақтады. Аштаев – Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып, Жоғарғы сот ақтаған алғашқы адам. Сот "дереу босталсын" деп шешім шығарса да, түрме әкімшілігі оны әлі қамауда ұстап отыр.
Жоғарғы сот Қаңтар оқиғасына байланысты сотталып, түрмеге қамалған шымкенттік белсенді Жанмұрат Аштаевты ақтады. Ол "жаппай тәртіпсіздікке шақырды және оны ұйымдастырды" деп айыпталып, 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылған. Ал онымен бірге сотталған Ләззат Досмамбетова рақымшылыққа ілікті.
Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен үш жылға қамалған Молдабай Сәдібеков бостандыққа шықты.
Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері, дәрігер Азат Үмбетұлы қызметте жүріп қаза болды. Марқұм Жамбыл облысы Қордай ауданындағы шекара қызметінде медицина бөлімнің жетекшісі міндетін атқарған.
Тағы