Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Үкімет "отандық автокөлік өндірісін" дамытуға жүздеген миллиард теңге жұмсап, утилизация алымын ойлап тауып, шетелден көлік әкелуге кедергі болатын шаралар енгізді. Зауыттағы локализация деңгейі орташа есеппен 37 пайыз болып тұрғанда, көлікті "отандық" деп атау қисынға келмейді дейді сыншылар.
Семейде жұмысшылары былтыр да, биыл наразылыққа шыққан автопарк жұмысын тоқтатуы мүмкін. Компания басшылығы субсидия бермеді деп әкімдікті кінәлайды. Ал әкімдік осы "Semey Bus" компаниясымен шартты бұзып, өзге мекемемен уақытша келісім орнатқан. Қазір қала көшелерінде автобус жетпей жатыр.
Cемейдегі екі демалыс паркінің бірі – орталық саябақты қайта жаңғыртуға жүздеген миллион теңге жұмсалды. Үш айда аяқталады деген жөндеу жұмысы бір жарым жылдан бері біткен жоқ. Белсенділер бірнеше айға созылған "жөндеу жұмысынан" кейін саябақтың іші астан-кестеңі шығып бүлініп жатқанын айтады.
Алматыда Қызыл кітапқа енген ағашты кесуге байланысты қоғамдық резонанс туғызған іс (мәселеге президент араласып, жергілікті билікті зерттеу жүргізуге шақырған) жарты жылдан кейін жекеменшік компания қызметкеріне айыптау үкімін шығарумен аяқталды. Бұл елде түсініксіз аяқталған бірінші іс емес.
Қазан мектебінде болған қылмысқа күдікті 19 жастағы жігітке дәрігерлер ауыр психоз деген диагноз қойды. Тоғыз адамның өмірін қиған қайғылы оқиғадан соң Қазақстанда да халықтың психикалық денсаулығы және ауруды дер кезінде анықтауды талқылай бастады. Азаттық психиатр Айгүлім Әбетовамен сұхбаттасты.
Алматыда жер митингісі өтті. Алаңға келген жұрт "орман өсіру үшін" жерді шетелдіктерге жалға беруге үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Бұл заң жобасы қазір сенаттың қарауында жатыр. Жанболат Мамай бастаған топ "талап орындалмаса, аштық жариялаймыз" деді.
Шығыс Қазақстанда бірнеше кәсіпкер облыс басшылығын мемлекетке "зиян" шешімдер қабылдады деп сөкті. Даниал Ахметов басқаратын облыс әкімдігі бұған ресми пікір білдірген жоқ. Қазақстанда бизнестің билікке ашық қарсы шығатын кезі сирек. Бұл жолғы тірестің астарында не жатыр?
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезде облыс орталығы мәртебесінен айырылып, Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы қала болып қалған Семейде "Абай арена" деген спорт кешенінің атауын "Елбасы аренаға" айырбастауға келіспейтіндер бар.
Шығыс Қазақстандағы екі ірі кәсіпорын – Cемей ет комбинаты мен "Қазақцемент" зауыты миллиардтаған қарызға батып, жылдар бойы қызметкерлеріне жалақы төлей алмай отыр. Екі компанияны да кезінде Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енген, бұрын парламент депутаты болған адам басқарған.
Қазақстан үкіметі бизнес өкілдерінің банк қосымшасы арқылы онлайн төлем түрінде алатын табысына салық салу мәселесін тағы да көтерді. Қазір елде Kaspi.kz ақша аудару жүйесін пайдаланатындар көп. Негізгі мәселе ол ақшаның қандай мақсатқа аударылғанын дұрыс ажыратуда болып отыр.
Қазақстан диабет қауымдастығы елде науқастарды дәрі-дәрмекпен қамту нашарлап, кәсіби маман тапшы екенін айтады. Мамандардың сөзінше, мемлекет бюджет қаржысын үнемдейміз деген күдікті сылтаумен науқастарға түпнұсқа препараттың орнына арзан баламасын бере бастаған.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тұрғыны Айгүл Қасенова ауыр диагнозына қарамастан, мүгедек азаматтардың құқығын қорғаумен айналысып жүр. Кейінгі бес жылда ол жүз шақты адамның өмірін жеңілдетуге үлес қосқан.
Семейде жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмыс жағдайына және коронавирусқа қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне үстемақы төленбегеніне шағынады. Олар осы мәселені көтергені үшін қысым көріп жатқанын айтады.
Семейдегі цемент зауыты тұрған ауданның халқы кәсіпорыннан шыққан шаң-тозаң мен өткір иістен жапа шегіп отырғанына шағынады. Ресми мәліметте зауыттан ауаға тарайтын зиянды заттар шекті мөлшерден аспайды деп көрсетілген. Ал тұрғындар терезені ашса, үйінің ішін цемент шаң-тозаң басып қалатынын айтады.
Келер жылғы 10 қаңтарда өтетін парламент сайлауына дайындалып жатқан бақылаушылар қысымға тап болғанын мәлімдеді. Олар өздерін қаралайтын мақалалар, жалған хабарламалар мен телефон әңгімелері таратылғанын, ал қазір салық органдары шүйлігіп жатқанын айтады.
ПТР тест қорытындысының қате болып шығуының сыры неде? Мамандар мұның себебін Қазақстанда диагностикалық әлеует төмен, адам факторы да бар және сынама салынған құтыға сырттан вирус жұғуы да мүмкін деп түсіндіреді.
25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні Азаттық оқырман назарына төрт әйелдің хикаясын ұсынады. Әрбірінің тағдыры әрқилы төртеуінің өзін қорлап, жәбірлеген адамнан кетуге батылы жеткен.
25 қараша – әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні Азаттық оқырман назарына төрт әйелдің хикаясын ұсынады. Әрқайсысының тағдыры әрқилы төртеуінің өзін қорлап, жәбірлеген адамнан кетуге батылы жеткен.
Тағы