Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Ауыл пошташылары бірнеше сағат жаяу жүріп газет-журнал таратқанда айына алатындары 10 мың теңгеге де жетпейтінін айтып шағынады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті қызметінен мерзімінен бұрын кетуі жұртқа қалай әсер етті? Азаттық тілшілері Шымкент, Ақтөбе және Петропавл тұрғындарының пікірін білді.
Петропавл тұрғыны Ирина Бекетова сегіз жылдан бері етік жөндеумен айналысады. Ол тәулігіне 3-3,5 мың теңге табыс табатынын айтады.
Петропавлдағы техниканың соңғы үлгілерімен жабдықталған жылы аялдамалар мен электронды таблолар жұмыс істемей тұр. Смарт-аялдамалар мен электронды таблолар неге бұзылып қалды? Олар қашан іске қосылады?
Солтүстік Қазақстан облысында тексерушілер базарларда сатылып жатқан еттің талапқа сай емес екенін айтады. Сараптама кезінде кейбір "халал" белгісі бар өнімдердің құрамы өзгергені анықталған.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылындағы мектепте үш айдан бері жылу дұрыс берілмей келеді. Оқушылар мектеп суық болғандықтан, сабақтардың дұрыс өтпегенін айтады. Қазір барлық сыныптарда электр пештер тұр.
Астанада өрттен бес сәби қаза болған қайғылы оқиғадан соң аймақтарда төтенше жағдай мамандары көп балалы отбасылар тұрып жатқан үйлерді тексере бастады. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ескертпе қағаздар таратып, үйлерге улы газды бақылайтын құрылғы қойылатынын хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында үш күннен бері аяз қысып тұр. Мектептерде сабақ өтіп жатқан жоқ. Басқа қалаларға апарар жолдар жабылған. Ондаған адамды үсік шалған.
Петропавл қаласының тұрғындары үш айдан бері тегін берілуі тиіс дәрілерін ала алмай жүр. Айтуларынша, дәрі-дәрмекті бірнеше айдан бері өз ақшасына алуға мәжбүр.
Петропавл тұрғындары жер үй мен зауыттардан шыққан түтіннен тұншығып жатырмыз дейді. Облыстың онкология мамандары да өңірде өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандар көбейіп бара жатқанын айтады.
Петропавл тұрғындары қоғамдық көліктердің сапасына наразы. Олар "қызмет сапасы 80 теңгеге татымайды" дейді.
Солтүстік Қазақтан облысында отынның бағасы қымбаттады. Облыс орталығынан 10 шақырым жердегі Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары отынды былтырғыдан қымбатқа сатып алғандарына наразы. Орман пайдаланушылары қоғамдық бірлестігінің төрағасы бағаны қымбаттатып отырған біз емес дейді. Толығырақ т
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыспен қамту бағдарламасымен көшіп келген отбасы жұмыссыз отыр. Олар биыл Жамбыл облысынан алты баламен қоныс аударған. Биыл Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келген отбасылардың 15-і қайта кетіп қалған.
Петропавлда тұрғын үй салып жатқан жұмысшылар қыркүйектен бері еңбекақыларын ала алмай жүр.
Петропавл тұрғындары коммуналдық төлемдердің өскеніне наразы. Әсіресе қоқыс шығару бағасы бірден 96 теңгеге қымбаттаған. Нұрсұлтан Назарбаев биыл қарашада өткізген Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2019 жылдың қаңтарынан тарифті арзандатуды бұйырған
Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорын жұмысшылары бір жарым жылдан бері жалақыларымызды ала алмай келеміз дейді. Серіктестік басшыларының қызметкерлерге берешек қарызы 10 миллионға жеткен.
Қазақстан билігі жаңа жылдан бастап электр қуаты, жылу сияқты коммуналдық қызмет тарифтерін арзандату жоспарын жариялады.
Петропавлда нан қымбаттады. Соңғы екі айда нан бағасы 15 пайызға дейін өскен. «Азаттық» осыған дейін Петропавлдағы жанармай бекеттерінде дизель бағасы өсіп, жем-шөптің қымбаттағанын айтқан болатын. Жанар-жағармай бағасы нанның да құнына әсер еткен.
Петропавлда жаңа үйге кірген тұрғындар жылусыз отыр. Ондаған отбасы үйде қабаттап киініп, жылыту құралдарымен жан бағып жатқандарын айтады. Олар жергілікті биліктің әрекетсіз отырғанына наразы.
Солтүстік Қазақстан облысында білікті дәрігер тапшы. Салдарынан емдеу мекемелерінде науқастар дәрігерге қаралу үшін айлап кезек күтуге мәжбүр. Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының сөзінше, дәл қазір екі жүзден аса маман қажет. Жалақының аздығынан жастар медициналық мамандықтарға қызықпайды, ал т
Тағы