Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Ақкөл — аудандық маңызы бар қала. 2018 жылы "Қазақстандағы алғашқы ақылды қала" атанған. Бұл Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы еді. Қазір Ақкөл халқы "ақылды қала" деген сөзге мысқылмен қарайды. Қалада жазда сусыз отыру, орманға қоқыс төгу үйреншікті көрініске айналған.
Азаттыққа сұхбат берген МАЭК-тің бұрынғы қызметкері комбинатты "талан-таражға салған" бұрынғы басшыларды тергеуге шақырады
4 қыркүйек – дүниежүзі бойынша атап өтілетін Жыныстық саулық күнінде Азаттық осы тақырыпты қозғап жүрген журналистен алған сұхбатын ұсынып отыр.
Қазақстан аумағында "Царьград" телеарнасының сайты бұғатталды. Оның иесі - Ресейдің Украинаға басқыншылығын ашық қолдайдын кәсіпкер Константин Малофеев. Шешімді ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қабылдаған. Бірақ редакция заңға қайшы деп танылған мақалаларды өшірсе, сайт жұмысын жалғастырады.
Зейнеткерлер 70 жастағы Жұбатқан Кенжебаев пен Шырай Үбисова былтыр Астанадан Теміртаудағы жалғыз үйін сатып, Астанадан баспана алған. Олар сатып алған пәтердің иесі мүлікті "ойланбай сатып жібергенін, өзінің әлдебір алаяқтарға алданып қалғанын" айтып, кері қайтаруды талап етіп жүр.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтында Ресейдің Украинаға басқыншылық соғысымен, сондай-ақ "Шығыс Түркістан", "Күрдістан жұмысшылар партиясы" ұйымдарымен байланысты белгілері бар тауарларды Қазақстанда сатуға тыйым салу туралы ақпарат жарияланды да кейін өшірілді. Себебі неде?
1 тамызға қараған түні Мәскеудегі зәулім ғимараттардың біріне тағы дрон құлады. Ресей билігі мұны "Украинаның терористік шабуылы" деп атады. Бірақ Киев комментарий бермеді.
Қазақстанның батысын электрмен, ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ететін Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында 3 шілдеде болған апат салдары әлі қалпына келмеді. Өңірде мыңдаған адам сусыз, жарықсыз қалды. Энергетика министрінің айтуынша, апатқа атом энергетикалық комбинатының ұзақ жылдан бері
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындады. Абаев 2023 жылдың наурыз айынан бері ТМД бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды. Оған дейін мәдениет және спорт, ақпарат министрі болған Абаев сөз бостандығы, қазақ тіліне
Астанадағы жұрт "Үнді кварталы" деп атайтын маңда жүздеген адам жылдар бойы көмір жағып, су тасып күн көріп жатыр. Кәрізге қосылмаған үйлер жуынды-шайындыны көшедегі арыққа төгеді. Әкімдік ескі үйлерді күреп, халықты басқа жаққа көшіретінін айтқан. Бірақ ол қай кезде іске асатыны белгісіз.
Қазақстан президентінің жарлығымен мемлекеттік БАҚ-та істейтін алпыстан аса журналиске пәтер таратылды. Сыйлықты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы мен ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі табыстады. Азаттық министрден «Бұл биліктің журналистерді уысында ұстау амалы емес пе?» деп сұрады.
Көкшетауда жергілікті билікті сынап, түрлі мәселені көтеріп жүрген белсенді ұсталды. Полицияның хабарлауынша, 40 жастағы Мәлік Ахметқалиев «заңсыз есірткі сақтады» деген күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу басталған.
Астанаға келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Ресейге салынған санкцияларды айналып өту мәселесін, Кремльдің Украинамен агрессиялық соғысын талқылағанын мәлімдеді.
18 маусым күні Астанада банк бөлімшесіне басып кіріп, адамдарды кепілге алды деген азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ішкі істер министрінің сөзінше күдікті бұған дейін де екі рет істі болып, сотталған.
Астанада Кіші Талдыкөл мүлде тартылуы мүмкін. Тұрғындар қанша күрескенімен сот көлдердің біреуін ғана сақтап қалуға шешім шығарған. Шешіммен келіспеген тұрғындар Жоғары сотқа шағымданды.
"Бюджет ақшасын жымқырды" деп айыпталып жатқан бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін соттағы соңғы сөзін айтты. Ол ешбір айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Онымен бірге істі болып жатқандар да өздерін құрбан деп сипаттады.
Мәжіліс "Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Алғашқыдай емес, екінші оқылымда заң талқыға түспеді.
Абай облысындағы орман өртіне байланысты көшірілген бірнеше ауылдың тұрғындары қазір Семей қаласында колледж жатақханасында тұрып жатыр. Олар қораларында қалған мал-мүлкіне алаңдайды.
Еуразия ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымының докторы Райхан Бейсенова Қазақстандағы өрттің зардабы ұзақ жылға созылады дейді. Оның сөзінше, егер экожүйеге тұрақты қамқорлық жасалса, ол 20 жылдан соң қалпына келеді, егер өз бетімен қалдырса, бұл процесс 150 жылға созылады.
Тағы