2017 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілер бойынша продюсері. Астанадағы Назарбаев университетін тәмамдаған.
Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.
Испанияның Барселона қаласындағы қанды терактілерді АҚШ, Қазақстан және өзге елдер айыптады. Астана Барселонада қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.
АҚШ-та қазақша үйренген Крис Риз бен Габриэль Макгауйер Қазақстан астанасында қазақша сөйлесуге адам таппай қалатындарын айтады. Олар жергілікті халықтың шетелдіктермен орысша сөйлесу әдетін байқаған.
Астанада қыста жолаушылар тоңбау үшін 27 "жылы аялдама" салынған. Қала тұрғындары олардың жазғы жағдайына разы емес. 15 тамыз 2017 жыл.
Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру жоспарына қатысты Астана тұрғындарының пікірі.
Қазақстанда вегетариан болу қиын ба? Азаттық тілшісі еттен бас тартқан жандардың өмір салтын бақылап көрді.
Астанада велосипедпен жүретіндер көбейгенімен, оларға арналған жол жоқ.
Велосипедті жалға беретін автоматтандырылған жүйесі бар Астанада велосипедшілер саны да көбейіп келеді. Бірақ велосипед жолы кәдімгідей мәселеге айналып отыр.
Астанадағы "Expo Plaza" кешеніндегі жаңа үйдің сапасына наразы тұрғындар "Базис-А" компаниясынан өтемақы талап етпек.
Қазақстанды аралауға келген шетелдік туристер, әсіресе аймақтарда жергілікті тұрғындардың ағылшын тілін білмеуі мен туристік орындарды өздігінен іздеуге тура келетіні қолайсыздық туғызатындығын айтады.
Қазақстандық студенттерді шетелде даярлау жүйесі кейін олардың елде жұмыс істеуіне қатысты туатын жанжалдарға үнемі түрткі болады. Мұның сыры неде?
Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі телеарналардан «патриотизм» мен «отбасы құндылықтарын» насихаттайтын әлеуметтік роликтер көрсете бастады. Ал кейбір мамандар «роликтердің сюжеттерінен мұнысы байқалмайды» дейді.
Астана көшелерінде қоқыстың сан-алуан түріне арналған контейнерлер көбейді: қағазға, пластикке, тамақ қалдықтары мен шыныға арналғандары бар. Бірақ қоқысты таситын, қайта өңдейтін және кәдеге жарататын компаниялардың басы бірікпегендіктен, мұндай сұрыптаудың тиімді екеніне күмән бар.
Алты балалы жалғызілікті ана Елена Потапова тұрақты тіркеуі жоқтықтан пәтер кезегіне де тұра алмай жүр.
Қазақстанда Астана күнін мерекелеп жатыр. Ол қаланың тұрғындары мен қонақтары бұл мейрам жайлы айтқанда президент Назарбаевты да сөз етті.
Қазақстанда киберспортпен айналысатын өз ойыншылары шыға бастады. Бірақ олар «тағдырымыз кісі қызығарлық емес, инфрақұрылым жоқ, демеушілердің аздығынан жаңа әлемдік спорт қарапайым хоббиге айналудан аспай тұр» дейді.
Шілденің 1-інен бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы - 11 пайызға, базалық зейнетақы 13 пайызға көбейді. Азаттық тілшісі зейнетақының көбеюіне қатысты астаналықтар пікірін сұрастырып көрген еді.
Тағы